Алматыда 4 мың адам қала күніне арналған мерекеге қатысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Бүгін Алматыда Қала күніне орай өткен спорттық және мәдени іс-шараға 4 мың адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Спорттық шара «Рухани жаңғыру» және «Асыл мұра» бағдарламалары аясында концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Қала қонақтары мен тұрғындары Бейбіт Күшқалиев, Райым Уайыс, Көркем Сейсенбек сынды  əншілер мен  «Әлқисса» ансамблінің өнерлерін тамашалап, көптеген спорттық жарыстарда бақтарын сынап көрді.

Жамағат үшін арқан тарту, асық ату, қазақ күресі, гір көтеру, садақ ату сынды ұлттық және өзге де спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

«Нархоз» университетінің футбол аланыңда «Нұр-Мүбарак» және «Дархан» мешіттерінің жамағаттары футболдан өзара мықтыны анықтады. 

Соңғы жаңалықтар