Алматыда 36 жастағы келіншек жоғалып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Нұра ауылының тұрғыны 36 жастағы келіншек Ләззат Сығаева жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ләззаттың әпкесі Сарыбатырова Жанат айтты.

«19 күні таңертең сағат 7:00-де сіңілім күнделікті шаруасын жасап аулада жүрген. Қорадан қойларды шығарған, бірақ сиырларды шығармаған. Ол оның алдында көршілермен ұрысып қалған. Бұл туралы үйдегілер айтты. Содан бері, міне, 4 күн өтті. Бауырымыз ұшты-күйлі жоқ. Дәл есіктің алдынан жоғалып кеткен», - деді Ж. Сарыбатырова.

Ляззаттың 21 жастағы ұлы  бар. Өз әкесімен тұрады. Сол күні үстінде қысқа жең қара күртеше мен қара шолақ шалбар болған. 

Аталған дерек Алматы облысы Талғар ауданы ІІБ қызметкерлерімен тіркелді.

Соңғы жаңалықтар