Алматыда 23 жастағы жас жігіт жоғалып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 23 жастағы жас жігіт із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлішер Нұрмұхамбетовті жақындары 16 маусымнан бері таппай отыр. Ұялы телефоны өшірулі.

Жігіттің әпкесі Нұрмұхамбетова Макираның айтуынша, інісі Достық көшесі бойындағы мейрамханалардың бірінде  жұмыс істеген.

Нұрмұхамбетовтер отбасы Талдықорғанда тұрады. Ата-анасының жалғыз ұлы Әлішер Алматыға бірнеше жыл бұрын жұмыс істеуге келген. Әке-шешесі ересек баласының өміріне өте көп араласпайды екен.

«Соңғы рет әріптестері оны 16 маусымда көрген. Жалақысын алып кеткен. Содан оны ешкім көрмеді. Алматыда ол туысқандарымызбен тұратын. Олар да 20-маусымнан бастап дабыл қағып жатыр», - деді әпкесі Макира.

Оның айтуынша, Әлішердің ешқандай жаман әдеті жоқ. Достарының бәрі жаман әдеттен аулақ жандар.

Нұрмұхамбетовтер отбасы ертең баласының жоғалғаны туралы полицияға хабарласуға Алматыға жол тартпақ.

Олар баласының аман-есен табыларына үмітті.

1

2 

Соңғы жаңалықтар