Алматыда 22 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Батыс Қазақстан облысы тұрғыны Алматыдағы көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 жастағы жігіт Төле би мен Шығыс айналма жолының қиылысындағы көпірден секіріп өлгісі келген.

"Ол ешқандай талап қоймаған. Полиция мен арнайы қызмет өкілдері жігітті мұндай қадамнан сақтап қалуға тырысты. ТЖД өкілдері қайғылы жағдайдың алдын алу үшін тент керіп тұрды. Оған коммуналдық қызмет өкілдері де көмектесті", - деді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің сөзінен соң жігіт көпір шетіне отырып керілген тентке секіріп түскен.

Қазіргі таңда оның бұл қадамға неге барғысы келгені анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар