Алматыда 20-дан астам адам петардадан зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем стансасы мәліметі бойынша Жаңа жыл түнінде түрлі дәрежедегі жарақатпен 21 медициналық көмекке жүгінген. Оның 15-і балалар. 

«Зардап шегушілердің жасы 2-ден 44 арасында. 21 оқиғаның 9-ында петарда қолда жарылып кеткен, 9-ында петарда қиыс ұшып дене мүшелерін зақымдаған. 11 рет көзге зақым келген, 6 адамның беті күйіп қалған, 4 жағдайда басқа мүшелерді күйік шалған»,- делінген Алматы ТЖД хабарламасында. 

Айта кетерлігі, Жаңа жыл алдында Алматы қалалық ТЖД мен ІІД бірлесіп рұқсат етілмеген жерлерде пиротехникалық өнімдер сатуға қатысты рейд өткізіп, 3,4 мың келі контрафакті пиротехниканы тәркіледі.

Соңғы жаңалықтар