Алматыда 2 бала көпқабатты үйдегі өртте уланып ауруханаға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда отқа оранған көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 4-қабаттағы 1 бөлмелі пәтерден шыққан .

«Тілсіз жау пәтер ішіндегі бөлмеаралық қабырғаларды шарпыған. Өрт сөндірушілер арнайы аппараттарды пайдалана отырып үйде адам қалған-қалмағанын тексеріп шықты. Мамандар өрттің өзге де пәтерлерді шалмауының алдын алды. Өрт 12:47 толық сөндірілді. Жалыннан 20 шаршы метр аумақ зардап шеккен», - деді баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.

Төтенше жағдай салдарынан 2 бала уланып балалар клиникалық ауруханасына түсті.

Барлығы 45 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар