Алматыда 1700 орындық көлік тұрағы бар ХҚКО ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Алмалы аудандық №1 ХҚКО бөлімі мекенжайын өзгертті, деп хабарлайды Қазақпарат «Азаматтарға арналған үкіметке» сілтемемен.

«Алмалы аудандық №1 ХҚКО бөлімі мекенжайын Сүйінбай даңғылындағы «Мерей» кешені, 2-блок, 4-ғимаратқа ауыстырды. Дүйсенбіден бастап ХҚКО азаматтарды жаңа мекенжай бойынша қабылдайды. Енді бөлім бір реттік SMS құпия сөзін пайдалану арқылы немесе жеке куәлікпен электрондық қызметтерді алуға арналған 37 орындық цифрлық қызметтер секторымен, сонымен қатар 4 қоғамдық қол жеткізу пунктімен жабдықталған» делінген хабарламада.

Залдың ортасында электрондық кезек тақтасы бар күту залы орналасқан. Қызмет алушылардың мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына бейне-байланыс жүйесінде өтініш беруіне және онлайн бейне-кеңестер алуына арналған аймақ та бар.

Мұнан басқа, ХҚО-да egov.kz, elicense.kz, goszakup.gov.kz және басқа порталдарда өз бетінше мемлекеттік қызметтерді алу мен жұмыс істеу дағдыларын үйренгісі келетіндерді оқытуға арналған сынып жабдықталған.

Жаңа ғимараттың жалпы ауданы мың шаршы метрден асады. Қызмет алушыларға ыңғайлы 1700 орындық автотұрағы бар. Ғимаратқа Сүйінбай даңғылынан немесе Қонаев көшесі арқылы да келуге болады. ХҚО «Райымбек батыр» метро станциясына жақын жерде орналасқан.

Соңғы жаңалықтар