Алматыда 17 адам зардап шеккен ірі жол апаты болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыда 17 адам зардап шеккен ірі жол-көлік апаты орын алды. Алдын ала нұсқа бойынша, оған Gelandewagen жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі кінәлі.

 Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек мәлім етті.  

Оның айтуынша, джип жүргізушісі қоғамдық көліктің жолын кеспекші болып, автобус жолағына шығып кеткен. Салдарынан көліктер соқтығысқан.  

«Олар Райымбек көшесінің бойымен шығысқа қарай қозғалыс келе жатты.  Алдын ала нұсқа бойынша, Gelandewagen жүргізушісінің жол-көлік ережесін бұзуынан соқтығысу орын алған. Куәгерлердің айтуынша, ол маневр жасап, автобустың алдына шықпақшы болған. Зардап шегушілерге келер болсақ, барлық 17 адам көмекке жүгінді, оларды дәрігерлер тексеріп жатыр. Тергеу басқармасы ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Істің материалдары өндіріске қабылданды», - деді Әзірбек. 

Соңғы жаңалықтар