Алматыда 14 жасар оқушы қыз жоғалып кетті

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматыдағы Әуезов ауданында із-түзсіз жоғалған Малика Орақбаеваны іздестіру жұмыстары жалғасуда. Үш күннен бері 14 жастағы мектеп оқушысынан хабар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Малика Орақбаева Алматыдағы Төле би-Момышұлы көшелері қиылысынан таксиге отырып, Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылына бармақ болған.

«Оқиға 15 сәуір күні болған. Малика Орақбаеваның анасы 16 сәуір күні Жамбыл ауданының полицейіне келіп, қызының жоғалғандығы жөнінде хабарлады. Қазір оқушыны іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қарғалыдағы мектептің мұғалімдері де полицейлермен бірігіп, жасөспірімді іздестіріп жатыр. Қыз бала Алматыда жоғалғандықтан, іздестіру жұмыстары Жамбыл ауданында және Алматы қаласында да жалғасуда», деп мәлім етті Алматы облыстық  ІІД  баспасөз қызметі.

Айта кету керек, 9-сынып оқушысы Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылындағы мектепте оқыған. Жеткіншек ата-әжесінің тәрбиесінде болған.

Соңғы жаңалықтар