Алматыда 123 мың текше метр қар шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық әкімдігі қар тазалау жұмыстары бойынша есеп беруді жалғастыруда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Соңғы 4 тәулік ішінде 123 мың текше метр қар шығарылған, соның ішінде 70 шақырым жол тазартылды. Мысал ретінде айтып өтсек, 123 мың текше метр қар дегеніміз - шамамен 2 275 т/ж вагоны, ал 70 шақырым - Алматыдан Қапшағай қаласына дейінгі қашықтық. 23 қарашадан 24-не қараған түні қар қоқысына 18 мың текше метр қар немесе 333 т/ж вагоны шығарылған», - деп хабарлады қалалық әкімдікте.

Қазіргі таңда қаланың негізгі 50 көшесін, яғни қашықтығы 300 шақырым толық тазалау жоспарлануда. Кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың 25, 26 және 27 қараша күндері қаланың магистральді көшелерінде қар тазалау жұмыстары жүргізіледі. Қар үйінділері қаланың шетінде орналасқан бос жерлер мен шұңқырлардағы қар қоқыстарына шығарылуда. Күн жылығанда қар қоқыстарынан қалған сыпырындылар алынып, қалпына келтіру жұмыстары жасалады. 

Соңғы жаңалықтар