Алматыда 12 қабатты үй өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 12 қабатты үй өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт Самал-1 шағын ауданындағы №23 үйдің 6 қабатында тұтанған.

Қазір өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеуде. Көп қабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Оқиға куәгерлері жалынның жоғарғы қабатты шарпи бастағанын айтуда. 

Соңғы жаңалықтар