Алматыда 10-нан астам көлік пен жаттығу залы өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қойма ғимаратынан өрт шығып, 10-нан астам автокөлік жарамсыз болып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, 18 қараша күні сағат 04:45-те Бостандық ауданы Өтеген батыр көшесіндегі көпфункционалды кешеннің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
null

Тілсіз жау жаттығу залымен қоса гаражды шарпып, онда тұрған  9 жеңіл автокөлік, 2 кар мен 1 автокөтергіш өртеніп кеткен.
null

Өрт таңғы 05:41-де ауыздықталып, 06:40-та толығымен сөндірілді.
null

Қызыл жалын 1200 шаршы метр аумақты шарпыды.

Соңғы жаңалықтар