Алматыда 10 балалы отбасын жалдамалы пәтерден қуып шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда пәтер жалдап тұрып жатқан 10 баласы бар отбасын үй иесі көшеге қуып шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Отбасы осыдан екі апта бұрын үйді жалға алғаны үшін төленуі тиіс қаржының белгілі бір бөлігі алдын ала төлеген. Жаңа пәтерге олар мектепке жақын тұру үшін көшіп келмек болған және жалдамалы пәтерге бүгін келуі тиіс еді. Үйді жалға алу туралы келісім де бүгін жасалуы тиіс еді. Отбасы бүкіл заттарын алып келгенде үй иесі бір айдың жалға алу құнын толық төлеуді талап еткен. Ал келісімшартты ертең алып келемін деп уәде берген. Біз мол көлемдегі қаржыны келісімшартсыз төлеуден бас тартық. Ал үй иесі бізді қуып шықты»,-деп хабарлады Facebook парақшасында көпбалалы Алматы тұрғыны Жанна Ким.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін әйелді балаларымен бірге Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне алып келген.
Тергеу жүргізілгеннен кейін үй иесі алдын ала алған қаржысын отбасына қайтарды. Полиция қызметкерлері үйді жалға беріп отырған адамның салық төлеуден жалтару фактісі бойынша тексерілетінін айтты.

Ерлі-зайыпты Эдуард және Жанна Ким бірнеше жылдан бері ата-анасы жоқ балаларды асырап келеді. Үш баланы дүниеге әкелген соң олар балалар үйінен де бала асырап алуды жөн көрген. Осылайша, олардың отбасында тағы 7 ұл мен қыз пайда болған. Ерлі-зайыптылар сонымен қатар жетім-жесір және ерекше жағдайда қажет ететін балаларға көмектесетін «Reach» қоғамдық қорында қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар