Алматы зообағының есепшісі қамауға алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматы зообағының есепшісі 32 млн теңгені қолды етті деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№2 Медеу аудандық соты «Алматы зоологиялық паркі» мекемесінің бұрынғы есепшісіне  қатысты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады.

Іс материалдарына сәйкес, «Алматы зоологиялық паркі» мекемесінің есепші-кассирі болып жұмыс істеген азаматша Н. 2015 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың қазанына дейін сатылған билеттерді компьютерден өшіру арқылы, 32 390 000 теңгені қолды еткен», - деді Медеу аудандық прокуратурасынан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімі және 241-бап бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қылмыстың ауырлығына байланысты іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар