Алматы зообағындағы жаңа инкубаторда тауыстың алғашқы балапаны жарып шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағына жыртқыш құстардың балапандарын шығаруға арналған заманауи инкубаторлар жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8 жаңа инкубаторда жаздың соңғы айларына дейін аққудың көгілдірлері, тауыс пен жыртқыш құстардың балапандарын басып шығарылатын болды.

«Біз Германиядан жаңа инкубаторлар алғыздық. Бұл жәшіктер арнайы термореттегіш құралмен, жұмыртқаларды айналдыратын роликтермен жабдықталған. Кейбір инкубаторларға брудер орнатылған. Бұл жылытқыштарда жаңадан жарып шыққан балапандар алғашқы бірнеше күнде сыртқы ортаға  бейімделетін болады. Сонымен қатар, термометрлер, керамикалық шамдар, су ішуге арналған ыдыстар сатылып алынды. Автоматтандырылған бағдарлама арқылы инкубаторда ылғалдылық деңгейі  реттеліп отырады. Қазір инкубаторда тауыстың жұмыртқалары бар. Бүгін алғашқы балапан жарып шықты. Сонымен қатар, қара қудың жұмыртқаларын салуды жоспарлап отырмыз», - деді Алматы зообағы директорының міндетін атқарушы Айгүл  Тулеева.

Қайта жасаудан соң зообақта бірқатар өзгерістер орын алды. Ақ аю, қара аю, қабылан, жолбарыстардың вольерлері қайта жасалды. Келесі аптада құстар үйі мен балықтарға арналған үлкен аквариум ашылады.
null null null null null 

Соңғы жаңалықтар