Алматы зообағында кемтар жыртқыштың тағдыры туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағының директоры Ержан Еркімбаев зообақтағы кемтар жануар Диана есімді ягуардың тағдыры туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақында зообақ басшылығының шешімімен ягуар ашық вольерге көшірілген болатын. Бір аяғы мен құйрығы жоқ жануар келушілердің арасында да əлеуметтік желіде де біраз шу  туғызды.

Адамдар зообақ басшылығының əрекетін қатты сынға алды.

Ержан Еркімбаев бүгін Инстаграмдағы парақшасында Диананың өмірі туралы айтып берді.

«2007 жылы күшік кезінде оны ересек ягуар талап, құйрығы мен аяғын шайнап тастаған. Сол уақыттан бері қоғамның талқысынан жасырын ұстаған. Негізі ереже бойынша Диана сияқты (кемтар-авт) зообақ жануары екпемен өлтірілуі тиіс. Бірақ мен əлі оған дайын емеспін»,- деді мекеме директоры.

Оның айтуынша, зообақта тағдыры талайлы жануар өте көп.

«Бізде ондай жануар өте көп. Диана 10 жыл бойы қысы жазы тар тордың ішінде тар қапаста өмір сүріп келген. Біз  ауа жұтсын күн шуақтасын деп шығардық», - деді ол. 

Директор басқа да кемтар жануарларды ел көзінен жасырмайтынын əрі оларды өлтірмейтінін айтты.

Соңғы жаңалықтар