Алматы зообағына кіру үшін бір қап ағаш қабығын әкеліп беруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының жануарлар бағы ағаштың бір қап қабығын әкеліп беріп, қауіпті жыландардың коллекциясын тамашалауға және керіктерді тамақтандырып көруге шақырды. Бұл туралы мекеме директоры Ержан Еркінбаев айтты.

«Керіктерді өз қолымен тамақтандырып, аса қауіпті жыландардың (әбжылан, мамба, ысылдағыш улы жыландар және тағы басқалары) жабық коллекциясын көргісі келетіндердің барлығына хабарлаймыз: ағаштың бір қап қабығы үшін сіздерге эксклюзивті бағдарлама ұсынуға дайынбыз. Бізге жануарлар ұсталатын жердің кафельді еденіне ағаш қабықтарын төсеу керек болып жатыр», - деп жазды Е.Еркінбаев Инстаграмдағы парақшасына.

«Жануарлар кафельде немесе бетонда жатпауы тиіс. Бұл олардың денсаулығына зиян! Бұл өтінішімізді таныстарыңыз бен достарыңызға жеткізуге көмектесіңіздер», - деді ол.

Зообақ директоры мейірімді жандарға алдын ала алғыс білдіріп, ағаш қабықтары бау-бақшаға арналған дүкендерде сатылатынын айтып өтті.

 

Соңғы жаңалықтар