Алматы зообағы қара қу балапандарын көбейтпек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағына 8 заманауи инкубатор әкелінді. Бұл туралы Алматы зообағының директоры Ержан Еркінбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа құрылғылар Германияда жасалған. Енді сирек кездесетін экзотикалық, жыртқыш құс пен қара қу балапандарын басып шығаратын боламыз», - деді Е.Еркінбаев.

Айта кету керек, жақында Алматы әкімдігі зообақтағы экзотикалық құстарға арналған экспозицияны жаңартуға бюджеттен қаржы бөлген болатын. Қазір зообақ басшылығы құстардың экспозициясын жаңарту бойынша азаматтардың ұсыныстарын қабылдап жатыр.

Соңғы жаңалықтар