Алматы жұрты Саппорадан келген спортшыларды салтанатпен қарсы алды

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Халықаралық әуежайында спортсүйер қауым Саппорада өткен Азияда ойындарынан оралған алматылық спортшыларды салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

null

Конькимен жүгіру спорты бойынша 3-орынды жеңіп алған алматылық Федор Мезенцев Жапонияда аталған спорт бойынша жанкүйерлердің көптігі ерекше әсер еткенін айтты.

null

«Біздің сайыстар Саппороның өзінде өткен жоқ. Бізбен сайысқан спорт нысаны Саппородан 200 шақырым қашықтықтағы Абихирода өтті. Өте жауапкершілікті сайыс болды. Біздің басты әлеуетті қарсыластарымыз, әлем бойынша бұл спорт түрінен үздіктер саналатын жапон, корей спортшылары болды. Оның ішінде, 1000, 1500 метр қашықтықтағы сайыста олар шынымен де жақсы нәтижелерімен танымал.
Мен өз нәтижеме ризамын. Қуанышымда шек жоқ. Топпен жарысуда да қолаға қол жеткіздік. Абихиродағы жанкүйерлердің көптігі қуантты. Бізде Медеуде ондай көрерменді жинау қиын. Кіре берістегі кезекті көрдік, кіре алмағандар трансляцияны даладан көріп тұрды», - дейді спортшы.

null

Айта кетейік, аталған Азияда ойындарында трамплинмен секіруден алматылық Сабыржан Мүмінов пен Константин Соколенко екінші орынға қол жеткізді.

null

Жалпыкомандалық есеп бойынша, қысқы Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы медальдар саны бойынша 4-ші орыннан көрінді.
Қазақстан құрамасының қоржынында 9 алтын, 11 күміс, 12 қола медаль бар. Командалық есеп бойынша, 1-ші орында жапон спортшылары болса, корей және қытай спортшылары 2,3-ші орындарды иеленді.

null  null null null null null 

Соңғы жаңалықтар