Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағындағы өзендерде су тасқыны күтілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяудағы тәуліктерде, 30 мамырда нөсер жауын салдарынан Алматы және ОҚО облыстарының  кей өзендерінде су тасқыны болуы мүмкін, делінген Қазгидромет хабарламасында.

30 мамырда Ақмола, СҚО, Қарағанды, күндіз Павлодар облысында жауын жауады, кей жерлерде нөсерлетуі ықтимал. Күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік батыстан 10-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с. Ауа тепературасы 10-18 градусқа төмендейді. 31 мамырда түнде кей жерлерде  3 градусқа дейін суытады деп күтілуде.

31 мамырда ШҚО-да түнде 2 градусқа дейін суытып, күндіз 15-20 градус жылы болады деп күтілуде.

Түнде 30 мамырда Ақтөбе, Қостанай облыстарына жер-жерлерде 3 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Астанада 30 мамырда 15-20 м/с жел соғады. Күндіз жауын жауады.

Соңғы жаңалықтар