Алматы-Үрімші рейсінде гаджеттерді қолдануға рұқсат берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың екі әуе компаниясы жолаушыларға ұялы телефондарды қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды Синьхуа.

«China Eastern Airlines пен Hainan Airlines-тан кейін China Southern Airlines әуе компаниясы да ұшу кезінде жолаушылардың ұялы телефондар мен басқа да гаджеттерді қолдануына салынған тыйымды алып тастады», - делінген хабарламада.

Қытайдың жеке ішкі және халықаралық маршруттары бойынша ұшатын Airbus A330-300-тің он бес ұшағының бортында интернетке қосылуға болады.

Суреттер Синьхуа/Чу Хунъюй

Соңғы жаңалықтар