«Алматы туры - 2016» веложарысына 14 команда қатысады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оңтүстік астанамызда өтетін «Алматы туры - 2016» бір күндік тас жолдағы веложарысына қатысты ақпараттар бүгін арнайы ұйымдастырылған баспасөз маслихатында жария етілді.

БАҚ-қа арналған жиында сөз сөйлеген спикерлер Алматы тас жолының дайындығы және қатысушы командалар мен жарыстың биылғы ерекешілігі туралы жан-жақты айтты.

«Веложарыс Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізілгелі отыр. Бұған дейін сайысты көпкүндік ретінде өткізуді ұсынғанбыз. Алайда, бірқатар мәселелерге байланысты идеямыз жүзеге аспай қалды. Биылғы сайысқа біз 20 емес, 14 команда шақырдық, оның 3-еуі қазақстандық. Осы арада айта кетейік, соңғы 5 жылда Қазақстанда велоспорт жақсы дамып келеді», - деді Қазақстан Велоспорт федерациясының вице-президенті Аманбек Қульчиков.

Айта кетейік, «Алматы туры» биыл төртінші рет өткізілгелі отыр.  Алғашқы рет 2013 жылы басталған. 2014 жылы UCI Халықаралық велосипедшілер халықаралық одағы веложарысқа ең жоғарғы дивизионның кәсіпқой командалары ойнайтын 1.1 категориясын берді.

Жиында сөз алған UCI Халықаралық велосипедшілер одағының техникалық кеңесшісі, веложарыс директоры Джек Ватсон ұйымдастырушы тараптың нәтижелі жұмыс атқарғанын атап өтті.

«Веложарысты ұйымдастыра бастаған алғашқы жылға қарағанда биыл жақсы нәтижелер байқауға болады. Ұйымдастырушылар мен Алматы қаласы әкімідігі әлемдік деңгейде өтетін айтулы бәсекелер сынды бұл веложарысты көпкүндік қылып өткізуді ойластыруына толық мүмкіндік бар деп есептеймін»,  - деді ол.

Жиынға қатысқан Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Байсейітов қала басшылығы веложарыстың өтуіне әзір екенін айтты.

Веложарысқа Еуропа мен Азияның 14 командасы қатысады.

«Алматы туры  2016» велошабандоздары Әл-Фараби даңғылы бойымен жарыса отырып, Мұстафин көшесімен өтіп, Шығыс айналма жолынан кері бұрылып, Талғар бағытына түседі. Бір айналым қашықтығы  31 шақырымн. Жарыс жолының жалпы қашықтығы  186 шақырым.

«Алматы турының» турының басты фавориті  Астана кәсіпқой велокомандасы және оның капитаны, «Алматы турының» екі мәрте жеңімпазы Алексей Луценко. Астана құрамында әлемнің ең мықты велошабандоздарының бірі  Винченцо Нибали.

Айта кетейік, веложарыс әлемнің ең ірі «Eurosport» спорт телеарнасында және Қазақстанның «Kazsport» арнасынан беріледі.

Веложарыстың жалпы жүлде қоры 39 мың еуро. «Алматы турының» жеңімпазы 15 мың еуро, екінші және үшінші орындарының иелері  10 және 5 еуродан алады. Сонымен қатар, 20-орынға дейінгі қатысушылар марапатталады. 

Соңғы жаңалықтар