Алматы тұрғыны алаяққа 23 мың доллардан астам қаржысын ұстата салған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өзін бизнес-бапкермін деп таныстырған Павел Крымов есімді адамның бірқатар қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Алматы полициясы бірқатар алаяқтық фактілерін тексеру барысында оның есімін басты күдікті ретінде атап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павел Крымов адамдарға өзін бизнес кеңес беруші, белгілі компанияға жетекшілік етуші ретінде таныстырған. Қалалық ІІД баспасөз қызметі бүгінгі таңда алаяқтың құрбандарының саны 5-ке жеткенін мәлімдеп отыр.

ІІД мәліметіне сүйенсек, П.Крымов құрбандарын тренингке шақырып, алып сан соқтырып кетіп отырған.

«Мәселен, сотқа дейінгі тергеу амалдарының ішіндегі бір эпозидттың бірін сараптау барысында К есімді азаматтың қалай алданып қалғанын білуге болады. Ол қаладағы қонақүйлердің біріне «төмен табыс» тренингіне қатысу үшін барып, Крымовпен кездескен. П.Крымов өзін «Questra World & Atlantik Global» компаниясының негізін салушымын деп таныстырған. Компания банкрот жағдайында тұрған өзге компанияларға инвестиция салып, кейін оның акциясымен, рейтінгі өскенде табысын бөліседі деп сендірген. К-мен танысқаннан кейін бір айдан соң Крымов тағы да аудитория жинап, оларды өзінің жымысқы әрекетін ұйымдастырмақ болады. Тренингтен кейін, Крымов жәбірленушімен жоспарларын бөліскен болып, оның сеніміне сірген. Ол Алматыда өз компаниясының филиалын ашқалы жатқанын, соның аймақтық филиалына жетекші болуға шақырған. Ол үшін компанияға 23 500 доллар қаржы құю керек деп, ақшасын алып алған. Осыдан кейін, Крымов жаңа қызметке тағайындау мәселесін демалыстан келгеннен кейін шешетінін айтып, із-түзсіз жоғалып кеткен», - дейді Алматы қаласының Тергеу басқарамасынан.

Құқық қорғаушылар іс бойынша әлі де тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Полицейлер Крымов Павел Геннадьевичтің іс-әрекетінен зардап шеккендер болса, 8 (727) 254-43-79, 8-708-383-38-56 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар