Алматы-Талдықорған жолындағы су шайған еңіс қалпына келтірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Су тасқыны кезеңінде күн сайынғы жолды бақылау барысында «Қазавтожол» АҚ-ның алматылық филиалының мамандары мен «Қазавтожол» РМК ұйымының қызметкерлері 26 наурызда жолдың 224 шақырымында еңісті су шайып кеткенін анықтады.

Оған қардың күрт еруі мен жауған жаңбыр себеп болған.
null 

Бұл қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп әкелмейді. Жол қозғалысын шектеу, жылдамдықты төмендету шаралары енгізілген жоқ.  Жолдың бұл учаскесі 2015 жылы «Құлагер» ЖШС мердігері жөндегеннен кейін пайдалануға берілген.

Қазіргі уақытта «Қазавтожол» РМК мен «Құлагер» ЖШС мердігерлерінің күштері су шайған еңісті қалпына келтіру жұмыстарын толықтай аяқтады.
null 

Алматы облысы су тасу қаупі басым өңір болып табылады. Сондықтан жол қызметтері тәулік бойы қадағалау режіміне көшкен.

Өңірде облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен жедел штаб жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ол жеке су шайған орындарды тексеруде. Штаб жұмысы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға, жоюға, қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге, адам шығыны мен материалдық залалды болдырмауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар