Алматы-Талдықорған тас жолының сапасы мамандарды аяғынан тік тұрғызды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Талдықорған тас жолының сапасына жүргізушілер күмәндануда. Күні кеше «Ватсап» желісі арқылы дабыл қаққан тұрғынның бейнежазбасы лезде тарап, жүргізушілер жолдың сапасына күмәнданып,  мамандарды аяғынан тік тұрғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бейнежазбада «Алматы- Талдықорған тас жолы. Жаңа жол. Қараңыздар, алдағы уақытта жол опырылады. Жүргізушілер, өте сақ болыңыздар. Дабыл қағуларыңызды сұраймын!» деген сөздер анық естіледі. 

Жүргізуші дабыл қаққан жер Алматы-Талдықорған тас жолының 224-ші шақырымы. Жол жиегін су шайған. Бірақ қозғалысқа қауіпті емес дейді мұндағылар. Осында жол құрылысы мен пайдаланылуына жауапты мамандар түгел жиналып,  дүрлігуге негіз жоқ екенін айтуда.
null 

«Бізде жоба бойынша жол жиегінің ені 3,75 метр болуы керек. Қазір өздеріңізге өлшеп көрсеткендей, бұл жерде жүру жолағының шетінен бастап есептегенде 4,80 метр шығып тұр. Жолдың жиегі негізінде 3,75 болуы керек. Демек бұл бізде ешқандай қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі келтіріп тұрған жоқ»,- деді «ҚазАвтожол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаев.

Сондай-ақ Ақылтаевтың сөзінше, бұл жерде кішкене суағарларды шайып кеткен. Мердігер компания өзінің қаражатымен техника және 10 адамнан тұратын бригадасын алып келіп, дер кезінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар