Алматы студенттері латын әліпбиіне көшуді қолдады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы ұжымында латын әліпбиіне көшіру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Алқалы жиынға оқу орнының профессорлық оқытушылық құрамы, студенттер, аудандық ішкі істер саясаты басқармасының өкілдері қатысты.

Оқу орнының ұстаздары Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылап өз ой пікірін білдірді.

Қазақстан тарихы жалпы білім беру пәндері және де ақпараттық жүйе кафедрасының аға оқытушысы Рыскелдиева Гүлдария Даулеткерейқызы қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп өту процесінің  жан жақты пысықталуына ерекше назар аудартты.

null 

Латын әліпбиінің бірнеше нұсқасы қарастырылғанын, осы мәселе бойынша пікірлердің алуан түрлілігін, латын әліпбиіне біртіңдеп өтетінімізді атап кетті.

Оқу орнының студенттік қауымы атынан академияның Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Әбдіқайымов Ғалым Кенжебекұлы пікір білдірді.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне біртіңдеп көшіру мәселесін қолдаймыз. Латын әліпбиіне көшу - Қазақстан тарихындағы елеулі шешім. Мемлекет басшысының шешімін біз ықыласпен қабылдаймыз. Латын әліпбиі әлемдік деңгейде қазақ елі жастарының байланыс деңгейіне, бәсекелес болуға жаңа леп әкелетініне нық сенімдіміз. Латын әліпбиін пысықтау және оны жаппай елімізде енгізу осындай жаһандану үрдісінде қажетті және мемлекетіміздің экономикасын, саясатын көтеретін бірден-бір амал, өйткені жаһандану латын әліпбиінен басталады, бұл қазақ тілін реформалаудың маңызды сатысы, рухани тәуелсіздікке апарар жол. Ұлт қажеттілігінен туындаған, тәрбие-танымдық маңызы орасан зор игі қадам», - деді Әбдіқайымов Ғалым.

null 

Айта кету керек, мұндай дөңгелек үстел Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

9 қазанда Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдаған болатын. Онда Елбасына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.

null 

Соңғы жаңалықтар