«Алматы - Шу» учаскесінде пойыздардың жол жүрісі 3 сағатқа қысқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде «Алматы - Шу» учаскесіндегі екінші жолдың құрылысы бойынша бірінші іске қосу кешендік жобасының 1 жартыжылдықтағы жұмыс қорытындыланды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш темір жол учаскесі «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылған болатын және ол екінші жолдың 53 шақырымын қамтиды (жоба аясындағы екінші жолдың ұзақтығы 112 км).

Осылайша, бірінші іске қосу кешенін пайдалануға берген кезден бастап, «Алматы - Шу» темір жол учаскесінің өткізу мүмкіндігі 1,5 есеге артты (тәулігіне 45-тен 68 пар пойызға дейін).

Аталған учаске арқылы шамамен 70 млн тонна жүк тасымалданып, жол жүру уақыты 3 сағатқа қысқарды.

Сонымен бірге, биыл жылдың соңына дейін ұзақтығы 59 шақырым болатын екінші іске қосу кешені бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Қазіргі уақытта, мұндағы жұмыстарға 33 техника мен 105 жұмысшы жұмылдырылған.

«Жобаның мақсаты - қолданыстағы «Алматы - Шу» учаскесіндегі пойыздардың қозғалысын ұйымдастыруда оңтүстік бағыттағы учаскелердің өткізу мүмкіндігін арттыру үшін «тар орындарды» жою және тиісті жерге жеткізілуі тиіс жүкті тасымалдау мерзімін 2 есеге дейін қысқартуға бағытталған», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар