Алматы-Шу темір жол учаскесі жүрдек пойыздарға арналады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы-Шу темір жолы учаскесінің екінші жолы жүрдек жолаушылар пойызы қозғалысын арттыруға септігін тигізеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жолдың өткізу қабілеті екі есеге артатындығын атап өткен болатынмын. Бірақ, бұл ретте жүрдек пойыздар санының артуы сынды маңызды факторды атап өткен орынды. Екінші жол жүрдек жолаушылар пойызын ұйымдастыруды барынша жоғары сапаға көтеруге мүмкіндік береді. Биылғы жылдың желтоқсанында ағымдық жұмыстардың барлығы да толықтай аяқталады және бұл учаске Алматыдан Шуға дейін барлық қосымша жүктемелерімен екі жолды учаске ретінде жұмыс істейтін болады», - деді Роман Скляр.

Оның айтуынша, Алматы-Шу учаскесіндегі екінші жол құрылысының жобасы аталған учаскенің өткізу қабілетін арттырады. Ал бұл өз кезегінде Қытай-Еуропа бағытындағы жүк тасымалында транзиттік әлеуеттің ұлғаюына септігін тигізеді. Алматы-Шу учаскесінің жалпы ұзындығы 300 шақырымнан асып жығылады.

«Бізге ұзындығы 111 шақырымды құрайтын екінші жолды салу жұмыстарын орындау керек. Егер өткен жылдың желтоқсанында 52 шақырымы бітсе, ағымдағы жылы ұзындығы 59 шақырымды құрайтын екінші жолды төсеу жұмыстары аяқталады», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар