Алматы полициясы науқас баланың таксиде кеткен рюкзагын тауып берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы науқас баланың жоғалған рюкзагын тауып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін әлеуметтік желіде Алматы-1 вокзалынан мінген баланың рюкзагы жоғалғаны туралы хабарлама тарап еді.

Жоғалған сөмкеде баланың ауруханаға жатуына рұқсат беретін медициналық құжаттар мен отаға қажет пластина болған.

Баланың әкесі Тілендиев Болотников көшесінде таксиден түскен кезде сөмкені көлікте қалдырып кеткен.

Олар полицияға сағат 11:35-те жүгінген.

«Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлері мен криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел түрде Әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталығы мамандарының қатысуымен әкелі-балалы мінген көлік табылды. Жүргізушінің өзі де багаждағы рюкзак жайлы ұмытып кеткен. Қазір ер адам Жамбыл облысынан қалаға келе жатыр.
Айта кету керек, жоғалған заттың тез табылуына «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің тигізген септігі мол болды. Бүгінде бұл жүйеде 600 камера орнатылған. Осылайша такси жүргізушісінің жүрген бағыты анықталды», - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар