Алматы полициясы көшедегі атысқа қатысты видеоны тексеруде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы әлеуметтік желіде тараған жол үстінде өзара қарым-қатынасты анықтап жатқан жастарға қатысты видеоны тексеріп жатыр. 

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ІІД өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

Видео Инстаграмдағы zhest_kz парақшасында жарияланып, онда «Ескі алаңда жастар арасындағы атыс» деп жазылған.

Бейнетүсірілімде көше бойындағы төбелестен соң бірнеше ер адамның сұр түсті көлікке отырып кетіп бара жатқаны көрінеді. Адамдардың тағы бір тобы жол үстінде қалып, жараланған ер адамға көмектеспек болады.

Алматы құқық қорғаушылары аталған видеоның Алматыда, не өзге қалада түсірілгенін тексеріп жатыр.

«Қазір бейнежазбаның қайда, қалай түсірілгенін анықтап жатырмыз. Оның Алматыда болғаны әзірге белгісіз. Қазіргі сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Толығырақ ақпаратты кейін хабарлаймыз», - деді С.Әзірбек.

Перестрелка на старой площади между молодежью. #жестькз

Публикация от Жесть в Казахстане (@zhest_kz) Май 24 2017 в 11:17 PDT

Соңғы жаңалықтар