Алматы полициясы арнайы планшеттермен қамтамасыз етіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Алматының әкімшілік полициясының жеке құрамы планшеттермен толықтай қамтамасыз етілмек. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Алматы қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев айтты.

Айта кетейік, мегаполис полицейлерінің 25 пайызы бүгінгі таңда жаңа жүйемен жұмыс істеп келеді. Енді, 2018 жылдың екінші тоқсанында полиция жаңа жүйеге толығымен көшкелі отыр.

«Бүгінгі таңда біздің полицейлердің 167-сі жұмыстарында планшет қолданып жүр. Бірінші тоқсанның соңына дейін біз 700 планшет сатып аламыз. Осылайша, жеке құрам 100 пайыз гаджеттермен қамтамасыз етілмек. Бірінші тоқсанның соңына дейін құралдарды сатып алып, сосын қызметкерлерді үйретеміз. Екінші тоқсаннан бастап, полицейлеріміз жаңа техникамен жұмысты бастайды», - деді Мұраталиев.

Еске сала кетейәк, электронды «Е-айыппұл» жүйесі алғаш рет Астана қаласында қолданылған болатын. Жаңа жүйе полицейлерді қағаз нұсқадағы хаттама толтырудан босатады. Сонымен қатар, жаңа жүйе арқылы енді жол полицейлері жүргізуші туралы толық ақпаратты ЖСН нөмірімен лезде біле алады. Осылайша, көліктің ұрланғаны туралы, жол ежересінің қайталап бұзылғаны немесе жүргізушінің сотталғаны туралы ақпарат алу жол полицейіне оңай болмақ.

Соңғы жаңалықтар