Алматы орталығында жарық өшіп, ұзын сонар кептеліс пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы орталығында жарық өшіп, ұзын-сонар кептеліс пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алатау жарық Компаниясы» АҚ баспасөз хатшысы Лаура Ибраева штаттан тыс жағдай тексеріліп жатқанын айтты.

«Қаланың бірқатар аудандарында жарық өшіп қалды. Қазір апатты қалпына келтіру бригадалары оқиға орнына шығып кетті. Толығырақ мәлімет кейінірек болады», - деді Лаура Ибраева.

Түскі сағат 15:00-дер шамасында Абай, Сәтбаев, Манас, Розыбакиев, Әуезов, Жароков, Өтеген батыр көшелерінде және Алмагүл ауданында жарық өшіп қалған. Соның салдарынан бағдаршамдар істен шығып, троллейбустар тоқтап, жолды бөгеп қалған.

1 сағаттан соң кейбір көшелерге ішінара жарық берілді.

Соңғы жаңалықтар