Алматы облысының тұрғыны туысын өлтірді деген күдікпен ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Панфилов ауданының тұрғыны туысын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қазір 27 жастағы жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 10-шы желтоқсан күні Жаркент қаласында болған. 27 жастағы жігіт 37 жастағы туысымен бірге ішімдік ішіп, арты төбелеске ұласқан. Сол сәтте Жаркент қаласының тұрғыны туысына пышақ тығып алған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілген. Бірақ, көп ұзамай есін жимастан көз жұмды.

«Ауруханаға пышақ жарақатын алған адамның түскендігі жөнінде ақпарат Панфилов аудандық ІІБ-не хабарланған. Тәртіп сақшылары, жәбірленушімен тілдесе алмады, себебі 37 жастағы ер адам полицейлер келгенше көз жұмған. Күдіктінің үстінен ҚР ҚК 99 бабы бойынша іс қозғалды», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір айғақ зат ретінде ас үй пышағы тіркеуге алынды. Тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар