Алматы облысының тұрғыны 6 жылқыны көлікпен қағып кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны 6 жылқыны көлікпен қағып, ауруханаға түсті. Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат төрт шамасында Үштөбе-Талдықорған тас жолында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Nissan Primera маркалы көлікті 1995 жылғы Үштөбе қаласының тұрғыны тізгіндеген. Ал оның қасында 1999 жылғы жолаушы да болыпты. Жол апаты салдарынан жарақат алған екі жігіт те қазір ауруханада жатыр. Айта кетерлігі, көлікпен қағылған алты жылқының төртеуі оқиға орнында өлген. Екі жылқы тірі, бірақ аяқтары сынған деген ақпарат бар.

Аталған фактіні облыстық ІІД баспасөз қызметі де растады. ІІД келтірген мәліметтерне қарағанда, жылқылардың иесі Абай ауылының тұрғыны.  Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабына сəйкес қылмыстық іс қозғалған.

null 

Соңғы жаңалықтар