Алматы облысының тұрғыны 6 қарақұйрық атқаны үшін жауапқа тартылуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны 6 қарақұйрық атқаны үшін жауапқа тартылуда. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ұйғыр ауданының тұрғыны қарақұйрықты атты деген күдікке ілінуде. Ол «Шарын» табиғи ұлттық паркінде қолға түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазір  ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Атып алынған жануардың еті сараптамаға жіберілді. Сондай ақ тәркіленген қару еш жерде тіркелмеген болып шықты.

Айта кету керек, 2016 жылы табиғатты қорғау заңы бойынша 1582 заң бұзушылық тіркелген. Қылмыстық жауапкершілікке 500-ден астам адам тартылды. Сондай ақ ұсталған 1000-нан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар