16:03, 26 Наурыз 2017 | GMT +6
Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүру қаупі сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27-28 наурызда Алматы облысында қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Алматы облысының таулы жерлерінде қардың тым қалың болуына және жылымыққа байланысты қар көшкіні жүру қаупі сақталады», - делінген хабарламада.