Алматы облысының студенттеріне 10 жатақхана салынады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 2019-2020 жылдары мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі негізінде 10 жатақхана салынатын болады. Жоспар бойынша нысанның жалпы орын саны 2650 адамға лайықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті мен Сүлеймен Демирел атындағы университетке және облыс өңірлеріндегі 7 колледжге жатақхана салу жоспарда бар.

«Ал мемлекеттік гранттардың санын арттыру туралы бастама жастар үшін үлкен демеу болуда. 2018-2019 оқу жылында өңірде мемлекеттік грант иегерлерінің саны 2 мыңға артпақ. Айта кету керек, Жетісу өңірінде облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасымен «Алматы облысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жөніндегі «Жол картасы» әзірленіп, Карта бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл құжатта Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді орындаудың нақты жоспарлары белгіленген», - деп мәлім етті Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жол картасында көрсетілгендей, бірінші бастама бойынша «7-20-25» бағдарламасы. Жоспарланған шаралардың нәтижесінде 2022 жылға қарай Алматы облысында тұрғын үй кешендерінің құрылысы есебінен жалпы алаңы 2,3 млн. шаршы метр болатын 18456 пәтерлік 953 үй салынады деп күтілуде. Құрылыс барысында қаржыландырудың түрлі көздері, соның ішінде жеке инвестиция да тартылады.

Соңғы жаңалықтар