Алматы облысының шалғай ауылында амбулатория ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Бүгін Алматы облысының Панфилов ауданында дәрігерлік  амбулатория ашылды. 50 орындық нысан Шолақай ауылында пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мекеменің  құрылыс жұмыстары былтыр күзде басталған. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында қазынадан 210 млн теңге бөлінді. Ғимараттың ашылу салтанатына Панфилов ауданының  әкімі Бердәулет Абдулдаев келіп,  тұрғындарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, емхана басшысына жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады.

null 

«Құрал-жабдықтардың барлығы жаңа әрі заманауи. Мамандарды арнайы курстардан өткіздік. Жаңа жабдықтардың тілін барлығы біледі», - деді Панфилов ауданының әкімі.

null 

Шолақай ауылында 5 мыңнан аса тұрғын бар. Бұған дейін шолақайлықтар  кішкентай дәрігерлік пунктке барып қаралатын. Тіпті, аудан орталығына сабылатын.

null null 

Соңғы жаңалықтар