Алматы облысының полициясы Қаратау шыңын бағындырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД жедел ден қою арнайы жасағының қызметкерлері Қазақстан полициясының 25 жылдығы құрметіне Жоңғар Алатауы бөктеріндегі Қаратау шыңына шықты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Арнайы жасақ сарбаздары Алматы облысы полициясының жауынгерлік және «Қазақстан полициясына 25 жыл» логотипі бар туды орнатты. Теңіз деңгейінен 3000 метрлік биіктікте орналасқан Қаратау шоқысын бағындыруға құзға шығуға және қиын таулы жерлерде жұмыс істеуге дағдыланған бар арнайы жасақ мүшелері қатысты.
null

«Тау шыңына көтерілуді біздің қызметкерлер қазақстан полициясының мерейтойына арнады. Бұл тек қана тау шыңын бағындыру ғана емес, Заң мен құқықтық тәртіптің күзетінде тұрған барлық Қазақстан полициясына деген құрмет белгісі. Барлық ІІО-ның ардагерлеріне, олардың кәсібилігіне деген құрмет, келер ұрпақты тәрбиелеудегі іргетас», - деді Алматы облысы ІІД-нің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов.

 Тау шыңына шығуға көбіне бала кезінен таулы аймақтарда өскен, қызметте ерекше көзге түскен ЖҚАЖ жауынгерлері таңдалды.
null

 «Шыңды бағындыру ұсынысы Департамент басшылығы тарапынан жасалды. Бұрындары альпинизммен байланысты біздің кәсіби мерекемізге арналған мұндай акция ешқашан өткізілмеген. Бұл біздің жауынгерлерімізбен жиналған жай ғана тәжірибе емес. Тау шыңына шығып біз полиция қызметкерлерінің қандай да қиын тапсырма болмаса да бағындыра алмайтын асуы жоқ екендігін, қиын болса да міндетті түрде орындалатынын дәлелдедік», - деді өз сөзінде Алматы облысы ІІД ЖҚАЖ-ның командирі полиция майоры Медет Қамалбеков.

Соңғы жаңалықтар