Алматы облысының полициясы иісшіл иттің көмегімен ірі көлемде есірткі тәркіледі

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында иісшіл ит тоқтатылған көліктің ішінен ірі көлемде есірткі тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі жасырған «Тойота Превия» көлігі «Алматы-Бішкек» тасжолында ұсталған. Тоқтаған автокөлікке полиция «Таймас» атты иісшіл итті жіберіп, ол көліктің жүксалғышынан 13 келі 280 грамм кептірілген марихуананы тапқан. Ал жүксалғыштағы есірткі заты салынған сөмкенің иесі көлікте жолаушы ретінде отырған Жамбыл облысының 60 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Автокөлік «Ақтерек» жол-патрульдік полициясы бекетінде тексеру үшін тоқтатылды. Онда облыстық Кинология қызметі орталығының иісшіл иттері жұмылдырылады. Жалпы алғанда соңғы үш жарым айда осындай қызметтік иттердің көмегімен 80 келіге жуық есірткі заттарын тәркіледік, соның ішінде 5 келіге жуық гашиш бар. Иттердің арасында осы - лабрадор тұқымды «Таймас» ең жоғары нәтиже көрсеткен болатын» - деп атап өтті полиция бөлімінен.

Есірткі тасымалы бойынша ұсталған азамат қамауға алынған. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар