Алматы облысының мың гектар жері Жамбыл өңіріне беріледі

None
None
 ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының жер аумағы көршілес Алматы облысының жерін қосуы есебінен ұлғайтылмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы шекаралардың өзгеруі туралы Үкімет қаулысынан белгілі болды, деп мәлімдейді Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

«Алматы облысының 1000 гектардан артық жері Жамбыл облысына беріледі. «Алматы және Жамбыл облыстарының шекараларын өзгерту туралы»   шешімді ел Үкіметі қабылдады. Қордай ауданына Алматы облысының 1091,78 га жері берілді. Қаулы аясында қазіргі уақытта төрт субьектінің иелігінде тұрған 9 жер учаскесі беріледі, деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Қазір Алматы облысындағы тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары елді мекеннен 150 шақырым қашықтықтағы  Ұзынағаш ауылында жүргізіледі. Жер аумағы ауыстырылған соң тұрғындар 80 шақырымдағы Жамбыл облысының Қордай ауылына қатынайтын болады. Мұнымен қатар жергілікті халық жайылым жерлермен қамтамасыз етіледі, деп жазылған түсіндірме хатта.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Жамбыл облысының жер көлемі 144 264 шаршы шақырымды құрайды.

Соңғы жаңалықтар