Алматы облысының білім саласында 70 қылмыстық іс қозғалған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының білім беру саласында соңғы үш жылда 70 қылмыстық іс қозғалған. 67 іс аяғына дейін жеткізіліп 22 лауазымды тұлға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың орын алуы жиілеп барады. Дабыл қаққан сала мамандары Талдықорғанда 600-ден астам мектеп директорының басын қосты. Білім ордаларында біріңғай ұлттық тестілеуге оқушыларды ақылы даярлаудың өзі жемқорлықтың белгісі екенін айтады ұйымдастырушылар. Себебі тестілеуге дайындық оқу бағдарламасы шеңберінде өтеді. Ал білім беру туралы заңнамаларда жалпы білім беру тегін жүргізіледі деп көрсетілген.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Алматы облыстық департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаевтың айтуынша, ақылы қызмет мемлекеттің бекіткен бағдарламасынан тыс білім берілгенде ғана көрсетіледі.

«Бір балаға 500 теңге деген аз ақша сияқты. Бірақ бүкіл облыс деңгейінде алсақ бұл тәп-тәуір ақша. Оның барлығы түбінде алып келген кезде сыбайлас жемқорлықтың тікелей элементіне жатады. Ол бүгінгі күні мектеп қабырғасында ұйымдастырылған ата-аналардан ақша жинау көрінісі»-, дейді ведомства басшысы.

Соңғы жаңалықтар