Алматы облысының ардагерлері 9 мамыр мерекесінде 150 мың теңгеден алады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері 9 мамыр мерекесіне орай мемлекеттен 150 мың теңге сыйақы алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әкімдік соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 150 мың теңгеден қарастырып отыр. Бұл қаржыны олар бір мезгілдік материалдық көмек ретінде алады. Жыл басында қаржы 188 адамға есептелген болатын. Өкінішке орай бүгінде көзі тірі ардагерлер саны 138-ге ғана жетіп отыр»,-деді облыстық жүмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жетекшісінің орынбасары Ерлан Абдалиев. 

Соңғы жаңалықтар