Алматы облысының әкімі құрылысшыларға кемшіліктерді түзеуге бір апта берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорғандағы құрылыс нысандарын аралау барысында Салтанат сарайы мен Көрме павильонының абаттандырылуына қатысты кейбір кемшіліктерді түзеуге бір апталық мерзім берді. Аталмыш екі нысан жақын күндері пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанат сарайы мен Көрме павильоны іске қосуға дайын, ішкі әрлеу жұмыстары да аяқталған. Тек аумақты абаттандырудың кейбір детальдары әлі де жетілдіруді қажет етеді. Амандық Баталов осы екі нысанның арасына жол салуды, Көрме павильонының баспалдақтарын ретке келтіріп, ғимарат ішінде киім ілетін орынды ауыстыруды тапсырды.

«Салтанат сарайы да, Көрме павильоны да - көп салалы кешендер. Олар тек неке қию мен көрме өткізуге ғана лайықталып салынған жоқ, мұнда облыстық, республикалық маңыздағы түрлі шаралар да ұйымдастырылатын болады. Бұлар қаламыздың көрнекті орындарына айналуы тиіс. Сондықтан мұндағы әрбір деталь, әрбір штрих кешендердің бейнесіне толық үйлесімде болуы тиіс. Бұларға жақын орналасқан ғимараттар да, тұрғын үйлер де бірыңғай сәулеттік стиль қалыптастырып тұруы қажет», - деді А. Баталов.

null 

Бұл мәселелерді облыстық құрылыс басқармасына бақылауда ұстау ескертілді. Бұдан соң облыс әкімі «Жастар» саябағында орналасқан «Рухани жаңғыру» орталығын аралап көрді.

«Дизайнерлерді, әрлеуші суретшілерді шақырып, әрбір іске шығармашылық тұрғыдан қарау керек. Кірген адамға алғашқы әсер беретін холдың жарықтандырылуы әлі де жеткіліксіз. Холл жарық та әсерлі, тартымды болуы керек. Витраж жасау керек пе, әлде қабырғаға сурет салу керек пе, оны арнайы мамандармен ақылдасу қажет. Ғимараттың сыртқы келбеті толық дайын, десе де ішкі көркемдеу жұмыстары да мазмұнына сай болуы керек», - дей келе А. Баталов өзінің орынбасарларына тапсырмалар берді.

null 

Сонымен қатар өңір басшысы ғимарат ішіндегі көрме залының ұсынылған дизайнын қайта жасауды тапсырды. Жалпы «Рухани жаңғыру» орталығы қараша айының аяғында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

null 

Соңғы жаңалықтар