Алматы облысындағы ыстық суға келушілер саны артуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жер асты термальды сулары маусымдық туризмді дамытудың жаңа мүмкіндігі деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір ғана Ұйғыр ауданында 40-тан астам демалыс орны халыққа қызмет көрсетуде. Бұл жерде жер астынан шыққан минералды  суда  қоңыр күзден жаз шыққанша шомылуға болады. Шонжының ыстық суы Сарыағаш шипажайының суының құрамына ұқсас. Ағзаға да, бұлшық ет пен сіңірді қыздыруға да пайдалы. Демалыс орындарына халық мереке және демалыс күндері өте көп ағылады. Кейде мүлдем орын табылмай  қалатын күндер болады дейді "Қарадала"  сауықтыру кешенінің әкімшісі Венера Исламова. Ал осы ыстық судың ырысын көріп, тыныққандардың басым бөлігі шетел асып, қаржыны сыртқа шашқанша өз елімізде демалып, мемлекетіміздің экономикасын нығайтқан әлдеқайда артық екенін айтады. Сондай-ақ мұндағы демалыс орындары жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып келеді.  Алдағы уақытта Ұйғыр ауданында тағы да бірнеше ірі қонақ үй мен демалыс орындары қолданысқа беріледі деп күтілуде.

null 

Соңғы жаңалықтар