Алматы облысындағы шекара заставасында сарбаз асылып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы шекара заставасында сарбаз асылған күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«12 сәуір күні шамамен сағат 17:00-де ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2484 әскери бөлімінің «Жоңғар» шекара заставасында (Алматы облысы Үшарал қ.) асылған күйінде аталған әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкері қатардағы А.Е. Хамзиннің мәйіті табылды», делінген хабарламада.

Прокуратураның хабарлауынша, өз-өзіне қол салу себебі әскери қызметке қатысы жоқ жеке басының мәселелеріне қатысты болуы мүмкін.

Оқыс оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлімімен (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) тіркелді және ҚР ІІМ ӘТБ Оңтүстік аймағының Талдықорған бөлімінің өндірісіне қабылданды.

Қазір қажетті тергеу-жедел іздестіру амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар