Алматы облысындағы республикалық жолдарды жөндеу аяқталуға жақын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Кеген-Нарынкол автомобиль жолының 40 шақырымдық бөлігінде сыртқы-бұдыр бетін өңдеу бойынша орташа жөндеу жұмыстары 1 ай бұрын алдын-ала аяқталуда.

Кеген-Нарынкұл автомобиль жолы Райымбек ауданында Қытаймен шекаралас орналасқан. Осы бөліктегі жөндеу жұмыстары бұл аймақтың дамуына, сондай-ақ, ішкі туризді дамытуға ықпал етеді. Соңғы рет жолда орташа жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Алматы облысында Алматы - Көкпек - Көктал - Қорғас бағытындағы және жалпы ұзындығы 30 шықырымға созылған «Алма-Тау туристік базасына кіреберіс» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыста жалпы ұзындығы 35 шақырымға созылған Көлсай көліне апаратын Жалаңаш-Саты автомобиль жолының кіреберіс бөлігінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Осы бөліктегі жөндеу жұмыстарын 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар