Алматы облысындағы Есік қаласына табиғи газ тартылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында  көптен күткен көгілдір отын Еңбекшіқазақ ауданына жеткізіліп, автоматты газ бөлу станциясын іске қосу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Тарихи сәтке куә болған тұрғындарды облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов құттықтады.

Еңбекшіқазақ ауданын газдандыру жобасын жүзеге асыру аудан орталығы Есік қаласынан басталды. Жоба құны 4,2 млрд теңгені құрайды. АГТС қуаттылығы -  сағатына 50 мың текше метр, бұл өз кезегінде 109 көп қабатты үйді, 5979 жеке үйлерді, 3880 әлеуметтік-тұрмыстық сектор нысандарын, 4 өнеркәсіп орнын көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік береді.

Есік қаласындағы абоненттердің жалпы саны - 12781 бірлік. Жуық  арада Шелек қаласында АГТС іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар