Алматы облысындағы Еркін ауылы ауыз суға жарымай отыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат  -  Алматы облысындағы Сарқан ауданына қарасты Еркін ауылы ауыз суға жарымай отыр. Айта кетерлігі, осыдан үш жыл бұрын ауылға ауыз су мәселесін шешу үшін бюджеттен қаражат бөлінген. 

Алайда жергілікті жұртшылық әлі тіршілік нәріне жарымай келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, ауыз су қазіргі күні тәулігіне екі сағат беріледі. Алайда сол екі сағаттың жартысында құдықтан тат аралас сары су ағатын көрінеді. Жергілікті биліктің уәдесіне де жұрт нали бастаған.

null  

«Су тасып ішуден мезі болдық. Қыста құдық қатады, көктемде балшық. Осыдан 2-3 жыл бұрын тиісті қаражат бөлінді деген болатын әкімшілік. Сонда жасағаны осы», - дейді Еркін ауылының тұрғыны Жантас  Жұмағалиев.

Айта кетерлігі, Сарқан ауданының әкімдігі Еркін ауылындағы ауыз су мәселесіне 3 жыл бұрын бюджеттен 30 млн теңге бөлінгенін растап отыр. Бірақ, ауылға ағымдағы жөндеу емес, күрделі жөндеу қажет болған. Сол себепті қаржы кері қайтарылған. Қазір ауылдың ауыз су түйткілін шешу үшін облысқа сұраныс жасалған. Ал еркіндіктердің бар тілегі сағызша созылған ауыз су мәселесінің тезірек шешілгендігі. 

null 

Соңғы жаңалықтар