Алматы облысындағы балабақшада тәрбиешіден туберкулез анықталуына байланысты тексеру басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары Іле ауданындағы Жаңа-Қуат ауылында мектепке дейінгі білім беру мекемесінде әйел адамнан туберкулез ауруының анықталуы жағдайының тіркелуіне байланысты тексеруді бастады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта науқастың тұрғылықты жері бойынша және балабақшада ауру ошағына эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

Жұмыс орны бойынша 368 азаматтың қарым-қатынаста болғаны анықталды, оның ішінде 38-і балабақша қызметкері және 330-ы балалар. Балабақшаның барлық қызметкерлері флюорографиялық тексеруден өтті, ауру анықталған жоқ.  Бүгінгі күннен бастап мамандар балаларға Манту сынамасын жасау арқылы (зерттеу нәтижелері 72 сағаттан кейін) тексеруге кірісті. Ауру ошағында қорытынды дезинфекциялау ұйымдастырылды.

Тұрғылықты жері бойынша 7 адам тексеруден өтеді, оның 3-еуі - бала.

Сондай-ақ, барлық мүдделі қызметтер мен ведомстволарға тиісті шаралар қабылдау үшін хабар берілді.

Ауру ошағында жұмыстар жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар